Балабақша туралы мәлімет
Бақша ғимараты бір қабатты.Балабақша 2019 жылы ашылған. Балабақша қуаттылығы 70 орындық ,қазіргі таңда 40 баламен,2 топ жұмыс жасайды.Балабақша 5 күндік жұмыс жасайды,сағат 08.00-бастап 18.00 дейін. Тәрбиеленушілер мемлекеттік тілде тәрбиеленуде.Бақшада қабылдау бөлмесі оқу-тәрбие,ойын бөлмесі,жатын бөлме,асхана, меңгеруші,әдіскер бөлмесі, медицина бөлмесі мен қойма бар.Материалдық-техникалық базасы стандартқа сай жабдықталғанСу, электр,жүйесі орталықтандырылған. Жылу жүйесі жылыту қазандықтары бір орыннан.Балабақшада өрт,дабыл қондырғыларымен жабдықталған.

Бақша ауласы көгалдандырылған, жеміс ағаштары егілген. Ауладағы ойын алаңы өз дәрежесінде жабдықталған. Жеке топтарға арналған ойын алаңдары, көлеңкелі қоршау (беседка) орындығымен, гүл алаңқайлары және балалардың денсаулығын нығайтатын, ойын құралдарымен жабдықталған.